$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет

Біз ежелден еркіндікті аңсап өскен азат елміз. Тұла бойымыздағы асқақтық, азаттық- табиғи болмысымыздан бар. Сол халқым өз табиғатына тән кең тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Бұғаудан бұлқына шығып, шідер біткенді шірей тартып, тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізгеніне биыл 25жыл!

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас бірліктің тірегі, қуаты. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқымыз жетті. Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған ерлердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осы аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы- Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының нәтижесі.

Бұл жылдар- Елбасамыз бен Қазақстан халқы үшін ұлы күндер. Бұл барлық жанұшыра жасаған еңбектің, татуласа қауышқан халықтың, айрылмасқа қосылған достықтың нәтижесі. Енді міне Еліміз— тәуелсіз ел! Басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Егемендіктің қандай жолмен келгенін, Тәуелсіздігіміздің бағасын басынан ауыр тарих өткізген халыққа ғана аян.

Елбасымыздың «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»- деген бір аталы сөзі, барша қауымның жүрегіне рух, қуат. Жасампаздылығымыздың да, жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың көз тимес ұясы – Қазақстан.

Еліміздің тәуелсіздігі – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі болашақ та, балаларымыздың балаларының нұрлы ғұмыры да, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің ширек ғасыры мерейлі баянды болғай лайым.

Н. Боранбаев, ОҚО Сарыағаш ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары