$ 447.4  477.55  4.76

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн саналады.

1991 жылы желтоқсан айының 16-сы күні «Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» Заңына қол қойылып, еліміздің құқықтық және демократиялық бағытта дамуына жол ашылды.

Ел дамуындағы ең басты мақсаттарымыздың бірі – елімізді зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекетке айналдыру болып табылады. Осы мақсатта Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел дамуының алғашқы кезеңдерінде құқық қорғау органдарын реформалау ісін жүзеге асыруға аса назар аударған болатын.

Қазақстан Республикасына 2016 жыл өте маңызды жыл болып келеді. Ол – тәулсіздік пен азаттықты аңсап өткен ата-бабаларымыздың арманына 25 жыл толуы.

Қазірде әлемді өзіне қаратқан, қарқынды дамып, көркейген мемлекеттердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, олардың тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттары ғасырларға жалғасқан. Алайда, еліміздің тәуелсіздік алғанына небәрі 25-ақ жыл толса да, бүгінде сол өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіпті осы ширек ғасыр ішінде қол жеткен жетістіктеріміз бен өзгелер үлгі тұтарлық дүниелеріміздің арқасында, Қазақстан кейбіреулерінің алдында озып шығып, күллі әлемді мойындатқан, табысты және қазіргі заманға сай мемлекетке айналып отыр.

Қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті үйлестіруші прокуратура органдарының құрылғанына биыл ширек ғасыр толады. Қазіргі таңда, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру барысында қоғам өмірінің барлық маңызды салалары қамтылуда.

Қазақстан прокуратурасы ғасырға жуық уақыт қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті, 1922 жылдан бастап, Әділет ұлттық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады, 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтілді: дербес болып, Әділет ұлттық комиссариатының жанынан Прокуратура басқармасы құрылды.

Қазақстан өз алдына Тәуелсіздік алғаннан кейін Прокуратура органдарының құрылымы мен қызметі өзгерді. Дегенмен, сала қызметінің басты бағыты – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдағы бірлікті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес, кәсіпкерлікті қолдау аясында қолайлы ахуалды қалыптастыру бағытында тұрақты түрде жұмыстарын жүргізу болып қала берді.

Бүгінгі прокуратура – бұл Президенттік басқару нысанындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған біртұтас мемлекет прокуратурасы.

Тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы бұл қоғамның объективті қажеттілігінен туындаған институт екені белгілі. Оның мемлекеттік орган ретіндегі негізгі ерекшелігі заңдардың қолданылуына жоғары қадағалау, қылмыстық қудалауды, сотта мемлекет мүддесін білдіруді жүзеге асыру болып табылады. Прокуратураның бұл функциялары Конституцияда, «Прокуратура туралы» Заңда, қылмыстық және азаматтық процестік заңнамаларда және басқа да актілерде белгіленген.

Елбасымыздың прокуратура қызметін жетілдіру бойынша нұсқауларын орындау үшін прокуратура органдарының жұмысы түбегейлі қайта құрылып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүддесін қорғау бойынша басымдық бағыттары белгіленген.

Прокуратура – еліміздің дамуы мен одан әрі нығаюына, ынтымақтастығымыз бен береке-бірлігімізді арттыруға қалыптасқан, тәуелсіз еліміздің заңдылығын біркелкі сақталуына кепіл беретін орган екендігін білдіреді.

Айгерім Балтабаева, ОҚО прокуратураның басқарма аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары