$ 444.22  476.38  4.82

Балаларға арналған спорт залдары мен клубтар қатарын арттыру жайы қаралды

Қала әкімдігі мәжілісінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі тыңдалды. Жиын барысында аталған бөлімнің басшысы Мұрат Базарқұлов бөлім тарапынан атқарылған жұмыс тұралы кеңінен айтып берді.

– Есептік кезеңде 8 ресми мерекелік жиынмен қатар, 80-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өткізілсе, алдағы желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында бірқатар мәдени шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, ел егемендігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «KZ-25» және «Мен елімді сүйемін» акциясы өткізілді, - деді қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов.

Бүгінге дейін, қала аумағына қосылған елді мекендердегі 10 мәдениет үйінде 125 іс-шара ұйымдастырылып, мәдени және спорттық бағыттағы 19 үйірмеге 125 жасөспірім мен жас тартылған. Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 18 танымдық клуб пен үйірме жұмыс атқаруда.

Өз кезегінде, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов зообақ, мәдениет үйлері, кітапханаларда  халыққа қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Шымкент зообағында қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «Тау» экспозициясы мен «Африка» аумағының, «Тұяқтылар» бөлімінің құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялық жүйелері мен су ұңғымасы, ішкі электр қуаты, газбен қамтамасыз ету жүйелері жүргізілуде.

Есепті жиын соңында қала әкімі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына «Шымкент қаласының 2017 жылдарға арналған мәдениет саласын  дамыту» жоспарын жасауды тапсырды.

– Шымкент – шын мәнінде, мегаполис қалаға айналып келеді, - деді Ғабидолла Әбдірахымов. – Экономика және әлеуметтік нысандар құрылысының ахуалын жетілдірумен қатар, мәдениетті дамыту мәселесіне де айрықша мән берген жөн. Қала тұрғындары үшін бұл тұрғыда, лайықты жағдай жасалуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары