$ 443.85  474.3  4.8

Шымкент гүлзарлары жаңартылуда

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкенттің 17 шағын ауданында орналасқан Жандарбеков көшесі бойындағы гүлзардың ашылу салтанаты өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев жəне Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында басталған жөндеу жұмыстары қараша айында толығымен аяқталды. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орнының құрылыс-жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 58,4 млн.тг құрады. 

Жобаны іске асыру аясында жолаяқтарды жөндеу, қалытқылы орындықтарды, қоқыс жəшіктерін, жарықтандыру бағаналарын орнату, көгал төсеу, ағаштар отырғызу, суару жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған субұрқақтар қайта жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.  Іс-шара барысында қосымша 17 қарағай және емен 2 отырғызылды.

Айта кету керек, гүлзарлармен бірге Шымкенттегі көпқабатты үйлердің аулалары да күрделі жөндеуден өтіп, жаңа рең алып жатыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйдің ойын алаңдары қайта жөнделіп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары