$ 444.22  476.38  4.82

Елеулі еңбек иелері марапатталды

Қазақстанның қуатты күші - жан-жақты білім алған жастарында. Тарихи мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай ОҚО Төлеби ауданының озат ұстаздары марапатталды. Бұл күні ғибратты ғұмырын ел дамуына арнаған қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен қаламгерлер де құрметке бөленді.

Талмай еңбектену мен ізденімпаздық. Сарқылмас күш-жігер және сүйікті кәсібіне деген адалдық нағыз маманды әр оқу жылында жаңа жетістіктерге жетелейді. Мерекелік салтанат барысында ұрпақ тәрбиесі жолындағы елеулі еңбектерін ескерген аудан басшылығы бірқатар профессор-педагогтарды арнайы марапаттады.

Зәуре Махамбетәлиева – ардагер ұстаз

Бүгінгі заман, бүгінгі қоғам, бүгінгі идеология – барынша кемелденген, барынша жаңарған, жетілдірілген идеяларға толы. Осындай қоғамның аса құнды капиталы, бала тәрбиелеу ісінің жауапкершілігін алып отырған бүгінгі мұғалімдер – дәл уақытында, дер кезінде келген сәтті мамандар деп айтар едім. 00:03:01 Дамыған елдердің озық тәжірибелерін үйренумен қатар, мыңжылдық тарихы бар төл педагогикамыздың тамырынан қол үзіп қалмасақ екен деймін.

Ұлттың тәрбиесі мектептен бастау алады. Бала тәрбиелеп, әр шәкіртке мейірім төккен ұлағатты ұстаздардан бөлек, осы топырақта туып-өскен қуатты қалам иелері де мақтау-мадаққа ие болды. 

Темірғали Көпбаев – «Қазығұрт» баспасының президенті

Қуанышымызда шек жоқ. Туған жердің әр тасы ақынға жігер береді, шабыт береді. Сондықтан мен туған жердің төрінде үлкен марапатқа ие болғаныма бақытты боп тұрмын. Төлеби ауданының құрметті азаматы деген атақ екінің біріне берілмейді. Ескеріп, еңбегімізді елеп, осындай марапатқа ұсынып жатқанына шексіз қуаныштымыз.

Ерен еңбек иелерінің құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Күміскөмей әншілер ән-жырын арнады. Кез-келген саланы ұршықтай иіруге қауқарлы азаматтар шаттықтан шабыт алып, Қазақстанның қарышты дамуы жолында еңбек етуге бекінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары