$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздік жылдары ОҚО халқының саны 50%-ға өскен

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында облыс халқы 50%-ға өсті және 2,8 млн. адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астам өсті және жұмыссыз халықтың саны екі есеге азайды. Осы мерзім ішінде аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде 42,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында жұмыссыздықты жою және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді күшейту бойынша тиімді шаралар атқарылды. Халыққа қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапа стандарттары енгізілді. Осылайша, 2016 жылдың 1 қарашасына табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі облыс халқының 5,2%-ын (148,8 мың адам), табысы кедейлік шегінен төмен өмір сүретін адамдардың саны 803 адам немесе облыс халқының 0,03% құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, оның ішінде жастардың жұмыссыздығы 3,5%-ды құрады.

Елеулі жетістіктеріміздің бірі жұмыспен қамту саласында азаматтардың жұмыспен қамтылу нәтижесінде табысы артып, әл-ауқатының жақсаруы қуантарлықтай жағдай. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2011-2016 жылдары республикалық бюджеттен 71,0 млрд. теңге бөлініп, 244,6 мың адаммен әлеуметтік келісімшарттар түзілді. Нәтижесінде 6,2 мың адамға шағын несиелеуге, 20,3 мың адам кәсіби оқуға жолданып, мамандық алуына, 206,6 мың адамның тұрақты жұмысқа орналасып, табысын арттыруына мүмкіндіктер туды. Тәуелсіздіктің 25 жылында жұмыспен қамтылған халықтың саны артып, жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі төмендеуі байқалып отыр. Оның дәлелі 2009 жылғы жұмыссыздардың саны 75 мың адамнан бүгінгі күнге 62,1 мың адамға, жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайыздан 5,1 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары