$ 441.66  475.14  4.86

ОҚО әкімдігі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елімізде барлық сала өкілдері атқарылған жұмыстарға есеп беруде. Сол секілді есеп беру шарасы Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде өтті. Өңір басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облыста құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмыс барысымен танысып, жауапты сала мамандарының есебін тыңдады.

Биыл облысымызда  жыл басында  жоспарланған  50 нысанның 12-і, оның ішінде 9 мектеп пен 1 балабақша осы жылдың тамыз, желтоқсан айларында пайдалануға тапсырылған. Ал қалған  38 нысанның құрылыс жұмыстары 2017 жылдың еншісіне қалып отыр. Бұл мақсатқа   ҚР Ұлттық қоры есебінен 20,2 млрд.теңге қаржы қаралып,  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ биыл өңірімізде 525,1 мың шаршы метрді құрайтын  тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 123,9 пайызға  орындалып отыр.  

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  Шымкент қаласындағы 9 қабаттық  әкімшілік іскерлік орталығы мен  1 жатақхананың  құрылысына  371,6 млн.теңге   бөлініп,  толық игерілген. 

Ал, білім беру нысындарына қаралған 12 973,1 миллион теңге де мақсатты жұмсалған.   

Алайда Шымкент, Кентау қалалары мен Ордабасы, Сайрам, Созақ, Төлеби және Шардара аудандары «Құрылыс жұмыстары нақты көлемінің индексі» индикаторын  орындай алмау қаупі бар. Осы олқылықтардың ескерген  облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды жоспарланған нысандарды мерзімінде, бағытталған қаражаттарды толық игеруге, облыс аумағында белгіленген индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде аудан, қала әкімдеріне  нақты тапсырмалар берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары