$ 448.89  477.93  4.76

Тәуелсіздік 25 жылдығы қарсаңында ОҚО әкімдігі Түркия компаниясымен меморандум жасасты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысындағы игі істердің қатары тағы бір жаңалықпен артып отыр. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «OKAN Holding» компаниясының президенті Бекир Оканмен кездесіп, өңірдің дамуы үшін маңызды келісімге қол жеткізді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жансейіт Қансейітұлы мәртебелі меймандарды Оңтүстіктің даму мүмкіндіктерімен таныстырды. Қазақстанның, соның ішінде Оңтүстік Қазқстан облысының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы айтып, түрік кәсіпкерімен өңірдің дамуна қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде Бекир Окан қазақстандықтарды күні кеше өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, кейбір салаларға қатысты өзінің ұсыныстарын жеткізді.

«OKAN Holding» – түрлі салада қызмет етіп келе жатқан үздік шет елдік компаниялардың бірі. Аталған холдинг зерттеу қызметі, құрылыс саласы, инвестиция бағыттарымен қатар білім, спорт, мәдениет салаларында да жемісті еңбек етіп келеді. Еліміздің ірі қалаларында құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Астана қаласындағы халықаралық стандартқа сай қонақүй құрылысын 2 жылда аяқтаған. Сонымен қатар, фабрика, тұрғын үйлер және ойын-сауық орталықтарын салумен айналысады.  

Оңтүстікте түрлі бағыттарда жұмыс жасауға қызығушылық білдірген холдинг пен ОҚО әкімдігі арасында құрылыс және білім салаларына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары