$ 448.15  483.46  4.86

Созақта тағы бір балабақша пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында тағы бір нысан пайдалануға беріліп отыр. Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында ашылған 60 орындық балабақша «Ай-сәулет» деген атау алып отыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Исаев қатысып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.  Жеке кәсіпкер Р.Сариева ашып отырған мектепке дейінгі мекемеде жатын бөлме, ойын залы, медицина кабинеті бар.  Балаларға білім беруге және тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайлар жасалған балабақша 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Айта кету керек, жыл басынан бері Созақ ауданында 12 балабақша ашылған.  Онда 935 бала бөбекжаймен қамтылса, жалпы 178 жаңа жұмыс орыны ашылған.

Айта кететін тағы бір жайт, діл осы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бірнеше балабақша пайдалануға берілді. Солардың бірі – Шымкенттегі «Қос ана» балабақшасы. Мектепке дейінгі мекемені елімізге танымал меценат Серікжан Сейітжанов салып берді. 280 балаға арналған жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, балаларға үлкен сыйлық жасағаны үшін кәсіпкер Сейітжановқа алғысын айтты.

Сонымен қатар, дәл осы күні Созақ ауданындағы Ыбырай елдімекенінде 75 балаға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. Нысанды жергілікті кәсіпкер Көпірбай Дәуітұлы салып, мерейтой қарсаңында бүлдіршіндерге керемет сыйлық жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары