$ 445.66  474.58  4.78

«Мен бақытты елдiң ұрпағымын»

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орвй Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейiнде «Мен бақытты елдiң ұрпағымын!» тақырыбында денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балаларға арналған iс-шара өттi. Оны аталған мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Гүлнұр Қорғанбекова, педагог-ұйымдастырушы Дина Жаңабаева ұйымдастырды.

Аталған iс-шараға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Өнерлi, жiгерлi ұландарымыз әсем сазды әнiмен, қазақы биiмен көрермендердi шаттандырды. Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын 2-сынып оқушысы Дария Абу ән шырқады. 7-сынып оқушысы Өмiрбек Файзулла  мен 4-сынып оқушысы  Жанель Мамадалиева тәуелсiздiкке арналған өлеңдерiн оқыды.

Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты, А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектебiнiң директоры Ирина Болдинова балаларға сыйлықтар табыс еттi.

Жалпы, №80 мектепте 13 бала үйде оқытылады. Оқушылар арасында Олжас Асқаралы, Дария Абу, Аруел Бурхан, Жанель Мамадалиева, Дәулет Сұлташұлы, Нұрсұлтан Сайрамбай, Нұрболат Альгужин, Өмiрбек Файзуллаев, Ақниет Байзақ, Аяна Абдихан, Нұржан Орынбай, Аян Мiнтай, Жантөре Жақсылық жылылықты сезiнiп, жандары жадырай түстi.

Iс-шарада облысқа танымал Нұрлан Дәрiбаев, Венера Өмiрзақова, Раушан Тұрғанбаева сынды әншiлер өнер көрсеттi.

Айта кету керек, бұл осынау біздің мектептегі өтіп жатқан дәстүрлі шара деуге болады. Әр жыл сайын түрлі мемлекеттік мерекелерде оқушыларымыз өнерлерін ортаға салады.

Мәдина РАЙЫМБАЕВА, №80 мектеп-лицейiнiң әлеуметтiк педагогы. Шымкент қаласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары