$ 444.22  476.38  4.82

Ширек ғасырда – 19 мектеп

Биыл елiмiз үшiн елеулi оқиғаларға толы жыл. Соның iшiндегi ең бастысы, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған азаттықты еншiлегенiмiзге 25 жыл толған торқалы тойын күнi кеше дүркiрете атап өттiк. Осынау ширек ғасырда аяғынан қаз тұрған жас мемлекетiмiздiң бұғанасын бекiтiп, қанатын қатайтуда атқарылған айрықша ауқымды iстердi санап тауысу мүмкiн емес.

Мұны басқа емес, өзiм туып-өскен Созақ ауданының мысалынан айқын аңғаруға болады. Терiскей үшiн тәуелсiздiк жылдарындағы ең iрi жетiстiк, ол – маң даланың қайта малға толып, өндiрiстi аймаққа айналғандығы. Әсiресе, үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қабылданып, нақты iс жүзiне асырыла бастауы ауданның дамуына соны серпiн бердi. Соның арқасында аудан аумағында инвестициялық бiрегей жобалар қолға алынды. Шетелден көптеп инвестиция тартудың нәтижесiнде қазба байлыққа бай Созақ ендi өндiрiсi өркендеген ауданға айнала бастады.

Ел бойынша бiлiм саласын жетiлдiру — Елбасы тапсырған маңызды тапсырманың бiрi. Соған орай түрлi реформалар жүзеге асып жатыр. Бүгiнгi оқушылардың бiлiм алуына да, бiлiмiн арттыруға да мүмкiндiгi мол. Осы ретте ауданның бiлiм саласында да атқарылған iстiң көп екендiгiн айту ләзiм. Жергiлiктi бюджет есебiнен жыл сайын жеткiлiктi қаражат бөлiнуiнiң арқасында түрлi реформалар жүзеге асып жатыр. Бүгiнгi оқушылардың бiлiм алуына да, бiлiмiн арттыруға да мүмкiндiгi мол. Осының арқасында созақтық жеткiншектер республикалық, облыстық байқаулар мен пән олимпиадаларында жүлделi орындардан көрiнiп жүр. Бұл олардың бiлiм алуына толықтай жағдай жасалынып, мектептердiң жаңа заманауи кабинеттермен жабдықталуының да жемiсi. Атап айтсақ, 25 жылда аудан бойынша 27 мектеп лингофонды-мультимедиялық, 23 мектеп биология, 23 мектеп физика, 21 мектеп химия кабинеттерiмен жабдықталды. Ерекше атап өтерлiгi, осы жылдар iшiнде ауданда 19 мектеп жаңадан бой көтерiптi. Мұны ел Тәуелсiздiгiнiң олжасы, жемiсi деуге болады. Қазiр аймақтағы 35 бiлiм шаңырағының 30-ы типтiк үлгiде. Осы бiлiм ордаларында бәсекеге қабiлеттi мыңдаған бiлiктi маман даярланып, рухы асқақ, отаншыл жас ұрпақ тәрбиеленiп жатыр. Қазiр олардың алдыңғы легi ел дамуына өз үлестерiн қосып жүр.

Гүлнара БИЖАНОВА, «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының тарих және география пәнiнiң мұғалiмi. Созақ ауданы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Келесі жаңалық
Жеңістер жалғасады