$ 447.4  477.55  4.76

Соңғы 25 жылда ОҚО-ның егін шаруашылығы қалай дамыды?

Соңғы 25 жылда қоғамдағы өзге салалар секілді ауылшаруашылық саласының ішіндегі егін шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан облысында да серпінді дамуды бастан өткерді. Оған төмендегі статистикалық көрсеткіштер айғақ бола алады.

Егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі 73,0 мың га. артып - 80,0 мың га., бақша 49,0 мың га. артып – 59,0 мың га., көкөніс 27,0 мың га артып – 40,4 мың га., картоп 9,0 мың га. артып – 15,3 мың га-ны құрады. Сәйкесінше егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артты. 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мың тн. - көкөніс, 127,0 мың тн. - бақша, 50 мың тн. - картоп өндірілсе, биылғы жылы 866,0 мың тн. көкөніс (+702,6 мың тн.), 1290,0 мың тн. Бақша (+1163,0 мың тн.), 260,0 мың тн. картоп (+210,0 мың тн.) жиналды.

Биылғы жылы орташа есеппен - 470,0 мың тн. астық жиналды. Түсімділігі орташа 22,0 цн/га. құрап (1991 ж. 17,8 цн/га.), Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жетті.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көлемін ұлғайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні жеміс-жидек пен жүзімнің көлемі 30,0 мың га құрайды. Оның ішінде өнімділігі жоғары 2100 га интенсивті баулар. Ағымдағы жылы жеміс-жидектің әр гектарынан 90,0 ц/га (125,0 мың тн), жүзімнен 107 цн/га (73,0 мың тн) өнім жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш. Орташа есеппен Республика бойынша өндірілген мақтаның - 100%, жүзімнің - 65%, бақшаның - 66%, мақсарының - 40%, жеміс- жидектің - 31%, көкөністің 24% облыстың еншісінде.

Соңғы бес жылдың ішінде тамшылатып суару әдісін ендіру мен жылыжайлардың егіс алқаптары және жеміс-көкөніс сақтау қоймалардың көлемі ұлғаюда. Атап айтар болсақ, 2009 жылы облысымызда тамшылатып суару әдісі 2,1 мың га. ендірілген болса, бүгінге жалпы көлемі 50,4 мың га. жетті (Республикалық көрсеткіштің 73%).

Жылыжайлардың көлемі 2009 жылы 124 га. құраған болса, бүгінгі күнге бұл көрсеткіш 9 есеге артып, жалпы көлемі 1112 га. Жетті (Республикалық көрсеткіштің 87%). Бүгінгі таңда жылыжайлар есебінен бірінші айналымнан 120 мың тн. Өнім өндірілді, жыл соңына дейін тағы да 80,0 мың тн. өнім өндірілетін болады, жылыжайлардан алынған өнім арқылы облыс, республика тұрғындарын қыс және ерте көктем мерзімдерінде сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізіліп отыр.

Облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қолжетімді бағада жеміс - көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін, өңірде сыйымдылығы 220,0 мың тн. жеміс-көкөніс сақтау қоймалары бар (Республикалық көрсеткіштің 5/1 бөлігі).

Сонымен қатар, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясы 86,0 мың га енгізілді.

Тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26 – 27 цн/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтар 40 – 45 цн/га. өнім алуда. Аталған технологияның қатты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, алдағы уақытта бұл технологияны басқа дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылып отыр (дәнді дақыл, мал азықтық дақылдар, мақсары, т.б.).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары