$ 446.49  475.38  4.79

Соңғы 25 жылда ОҚО-ның егін шаруашылығы қалай дамыды?

Ежелден мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақтар үшін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыр соққаны белгілі. КСРО-ның құлауы, тоқсаныншы жылдардағы дағдарыс халықты біраз тығырыққа тіреп тастаған болатын. Елді асырап отырған мал шаруашылығы да біраз тоқырауды бастан өткергенімен, көп ұзамай бұл сала аяққа тұрып кетті.

Мал шаруашылығы бойынша: 1991 ж. салыстырғанда ІҚМ саны 1,7 есеге (464,3 мың бастан – 778,4 мың басқа), жылқы саны 2,3 есеге (91,1 мың бастан – 207 мың басқа), түйе саны 23% (17,8 мың бастан 21,9 мың басқа) артып отыр. Ет өндіру (тірі салмақта) 1,8 есеге (107,8 мың тоннадан – 202,4 мың тоннаға), сүт өндіру 1,6 есеге (436,4 мың тоннадан – 710,6 мың тоннаға) артты. Мал шаруашылығы бұрын-соңды болмаған етті және сүтті бағыттағы ІҚМ жаңа тұқымдарымен толықтырылуда. Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы саласын шикізат секторынан дайын өнім секторына бағыттау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда бір ғана Сайрам ауданында ондаған бордақылау алаңы ашылып, сойылған ірі қара малдың еті еліміздің солтүстік өңірлеріне экспортталуда.

Сондай-ақ, «Ордабасы құс» ЖШС-і ашылып, тек оңтүстік халқын емес, бүкіл республиканы үндік етімен қамтамасыз етіп келеді.

Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын көрген оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бүгінде асыл тұқымды мал асырауды дағдыға айналдырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары