$ 498.34  519.72  4.85

Енді уақытша тіркеуге eGov арқылы тұруға да болады

Бұдан былай азаматтардың уақытша тіркелуін eGov порталы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

Қазір аталған жүйе тексеруден өтіп жатқан көрінеді.

"Қазір барлығы тынышталды, барлығы ретімен қалыпқа келуде. Мен сіздерге айтайын, тіркелуге келген азаматарды 100 пайыз деп алсақ, олардың тең жартысы уақытша емес, тұрақты тіркелуге келгендер. Яғни, бұл азаматтар бұған дейін мүлдем тіркеуде болмаған. Тіркеуден онлайн өту бүгіннен бастап тесттік режимде іске қосылады. Менің ойымша, барлығы өз деңгейінде өтеді", - деді Қ.Қасымов.

Ал, Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-парақшасында онлайн тіркелудің 18 қаңтардан бастап іске қосылатынын мәлімдеді.

"Егер тесттік жұмыстар сәтті өтсе, онлайн режимде ертеңнен бастап тіркелуге болады. Қазір тесттік жұмыстар жүргізілуде. Мен қазір жұмысқа келіп, жағдайды бақылауға аламын және қорытындысын тағы жазатын боламын", - дейді Абаев. Ол сондай-ақ, қайтыс болған алматылық тұрғындардың отбасына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары