Шымкенттік Динара Мұсабаева осыдан бір жыл бұрын Сауд Арабиясының азаматына тұрмысқа шықты. Оның ұзату тойы желіде қызу талқыланған болатын. Динараның айтуынша, ол тойының мейілінше тыныш өткенін қалаған, деп жазады "Қыздар-ай" жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Жолдасым Сауд Арабиясының азаматы. Онымен Дубайда жұмыс істеп жүргенімде таныстым. Екі жылдай кездесіп, 2022 жылы шаңырақ көтердік. \
Мен бірінші некемнен соң он жылдай жүріп қалдым. Сондықтан анам таңдауыма қарсы болған жоқ. "Бақытты қылатын еркек болсын тек", - деді. Негізі, тойдың мейілінше тыныш өткенін қаладым. Бірақ тойға келген көрші-қолаң бар, басқасы бар, видеоға түсіріп, желіге таратып жіберіпті.
Олардың салтында қалыңмал жоқ, бірақ мәһр бар. Анам бізде отқа май құю, қалыңмал деген дәстүрлер барын айтып қоюды ескертті. Бірақ күйеу жігіттің қалтасын үлкен әйелдер емес, бала-шаға қарасын деген тілегім болды. Өйткені оларда мұндай салт жоқ. Түсінбей қалар деп ойладым. Он миллион теңге сұрамадым, үш бөлмелі пәтер әперсең болды дегенмін. Ол сөзінде тұрып, Шымкенттен пәтер алып берді. Қалың малға 10 миллион берді. Ал кездесіп жүргенде мен үшін он миллионның талайын жұмсаған.
Он миллион деген жүз миллион емес қой. Сондықтан мұны қалыпты жағдай деп қабылдадым. Оның маған деген сыйластығы қатты ұнады. Маған деген қарым-қатынасы құдды ханшайымға деген қатынас секілді. Бұған дейін мұндай нәрсені көрмегенмін. Қазір Шымкентте тұрып жатырмыз", - деді Динара.