$ 498.34  519.72  4.85

«11 балам бар, кредитім жоқ»: Қырықтан енді асқан ерлі-зайыптылар көп баланы тәрбиелеудің сырын айтты

Құдай берсе, ала береміз.

Ақмола облысына қарасты Тайтөбе ауыланда тұратын Болат пен Фатима 11 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелер отыр. Ата-анасын балаларын жастайынан еңбекке баулып, бөтеннің ала жібін аттамауға үйреткен, деп хабарлайды "Сұрауы бар..." жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Болат пен Фатима Ақмола облысына Маңғыстаудан көшіп келген. Олар балалары қалаға жақын тұрып, оқып, білім алуы үшін осындай тәуекелге барған.

"Мұнда жеті баламен көшіп келдік. Ол кезде кішкентай үйде тұратын едік, балаларым көбейген соң, үлкен үй салып алдым. Тағы да баламыз өмірге келетін болса, коттедж салатын шығармын, кім біледі? Құдай берсе, ала береміз. Төрт қыз, жеті ұлымыз бар. Қыздардың алды жұмыс істейді. Бұл да бізге үлкен көмек. Өзім кредит деген алған емеспін. Оқуға керекті ноутбук, қызыма телефон алған шығармын. Мүлде кредит алмадым. Балаларымды еңбекпен бағып жатырмын. Ауылдың жергілікті тұрғындағы "9 рота" деп ат қойған. Көмірді қаптап сатамын, машина алып сатамын, сиыр өсіріп, мал бағамыз", - дейді 44 жастағы отағасы Болат.

11 баланың әкесі өзін өте баймын деп есептейді.

"Құдайға шүкір, баймын. Мен сияқты бай адамдар бар. Балаларды еңбек арқылы өмірге баулимыз. Оларды бос жүргізбеу керек. Қазір телефон деген бәле шықты. Мен түнгі 11-де бәрінің телефонын жинап аламын. Таңертең сабаққа кетіп бара жатқанда беремін. Әйтпесе олар түнімен телефон қарайды. Одан да Абайдың өлеңдерін жаттасын. Айдың аяғына дейін тағы біреуі практикаға келеді. Оны да жатқызып қоймаймын. Жұмыс табылады", - дейді ол.

Ал Болаттың әйелі Фатима болса, үй тірлігіне жауапты.

"Мектепте алты баламыз оқиды. Оларға көбіне қолдан пісіріп беремін тамақты. Әкелері дүкеннен тәттілер алып келеді сонда да.. Әрине, бала туған сайын әйелді жасарады деуге болмайды. Денсаулықта ақау болады. Бірақ ешқандай витамин ішіп көрмеппін. Азық-түлікке аз кетпейді. Айына екі жүз мың керек қой. 2010 жылдары осы жаққа жеті баламен қыдырып келгенбіз. Сол кезде қатты ұнап, балаларымыз орталыққа жақын болсын деп, көшіп келдік. Туыстарымыз да қарсы болған жоқ. Бәрі келіп тұрады", - дейді Фатима. Фатима бала тәрбиесінен бөлек, қолдан үйге киюге арналған аяқ киімдер де сатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары