$ 498.34  519.72  4.85

ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Астанада үй бағасы арзандауы мүмкін

Жыл басынан бері елімізде, әсіресе Астана мен Алматыда тұрғын үй бағасының өскені белгілі. Сарапшылар болса ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Астанада пәтер құны төмендейтіндігін болжауда.

Kn.kz аналитикалық порталының мәліметтері бойынша, 2017 жылдың бастапқы апталарында баспана бағалары Алматыда және Қарағандыда өзгерген жоқ, ал Астанада төмендеу байқалды. Алматыда пәтер бағалары шаршы метріне 1 124 доллар немесе 370 мың теңге деңгейінде қалып отыр. Астанада пәтер құны 360 мың теңгеден сәл асады, ал долларлық құны 1 088 $/ ш.м. деңгейінде тіркелді.  Қарағандыда бағалар өзгеріссіз қалды, пәтердің әр шаршы метрі 205,2 теңге немесе 618$ деңгейінде сатылуда.

«Алдағы уақыттары экономиканың көрсеткіштердің даму қарқыны әлсіз болғандықтан, баспана құны өседі деуге болмайды. Астанада халықаралық көрме қарсаңында сұраныс артып, аздап бағалар тұрақтанады деген болжам бар, алайда кейін нарықта пәтер саны артуына байланысты оның құны төмен құлайтыны сөзсіз. Қарағанды мен Алматыда пәтер бағалары төмен түсе береді, дегенмен қарқын тек 0,5 пайыз деңгейінде болады», - деп жазады kn.kz сарапшылары.

2016 жылдың соңғы айында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай өзгерістер алып келген жоқ. Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында бір ай ішінде баспананың теңгелік құны біршама төмен құбылды. Үй бағасының өзгеруі жылдық көрсеткіштерде анық көрінеді. Былтырғы жылы баспана бағасы теңгелік және долларлық құны 20 пайыздан астамға төмен құлдыраған.

2016 жылы желтоқсанда Астана мен Алматы қалаларында екінші нарықтағы баспана құны өзгеріссіз қалды. Қарағандыда олардың долларлық құны 1,4 пайызға өскен, бұл доллар бағамының өсуімен байланысты. Дегенмен халық кірісінің деңгейі түсуде, сондықтан баспана құны да төмен сырғуда.

Астанада екінші нарықтағы жаңа баспана бағалары 2,4 пайызға төмендеген. Ал ескі үйлердің құны тек 1,2 пайызға құлап отыр. Хрущев заманында салынған үйлер керісінше 3,2 пайызға өсім көрсетті. Баспана құрамына келетін болсақ, бағалар көпбөлмелі үйлерде көп түскен, олардың орташа бағасы 13,9 пайызға құлдилаған. Ал 1 және 2 бөлмелі пәтерлердің құны тек 2,3 пайызға сырғыған. Алдынғы жылмен салыстырғанда, бағалар орташа есеппен 23 пайызға немесе 22 000 АҚШ долларға төмендегені анықталды.

Алматыда ең көп арзандаған үйлер Хрущев заманындағы пәтерлерде тіркелді - 3,1 пайыз. Ал жаңа салынған үйлердің құны аздап өскені байқалды - 0,8 пайыз. Бөлмелер бойынша қарайтын болсақ, 1 және 2 бөлмелі пәтерлердің құны 1,9 пайызға төмендесе, керісінше, көпбөлмелі пәтерлердің құны 6,4 пайызға өскен. Алдынғы жылмен салыстырғанда, қазір Алматыдағы пәтерлердің орташа құны 41 пайызға немесе 50 000 АҚШ долларына дейін түскен.

Қарағандыда жаңа салынған үйлердің құны төмендегені байқалды. 2016 жылдың соңғы айында оның деңгейі шамамен 5 пайызға құлдилаған. Хрущев үйлерінің бағалары да аздап төмен түскен. Төрт бөлмелі пәтерлер орташа есеппен 2,4 пайызға құлады, бірақ бес және одан да көп бөлмесі бар пәтерлер, керісінше, 9 пайызға жоғарылады.

2016 жылдың желтоқсан айында жылжымайтын мүліктің екінші нарығының барлық сегменттерінде төмендеу тіркелген. Сұраныстың ең жоғары көрсеткіші бойынша Астана көш бастап келеді. 2016 жылы сұраныс 96 пайызға өскен. Ал Алматы мен Қарағандыда бір жылда, тиісінше, 34 және 26 пайызды құрады.

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары