$ 447.4  477.55  4.76

Қостанай облысының әкімі аязда көше жуып жүрген әйелдерге жаны ашитынын айтты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов халықпен кездесуі барысында өңірдің коммуналды қызмет көрсетушілеріне аязды күнде көше жуып жүрген әйелдердің суретін көрсетті. Суретте коммуналды шаруашылық мекемесінде істейтін әйелдер қыстыгүні жалаң қолмен темір қоршауларды жуып жүр.

Өңір басшысы сондай-ақ, облыс орталығына жаңа қар тазалаушы техниканың жеткізілгенін, Қостанай көшелерін енді адам орнына сол машинаның тазалайтынын жеткізді.

"Қаланың тазалығымен айналысатын жандар үшін жағдайды жақсарту керек, әсіресе әйел адамдар үшін. Әйтпесе, олар -25 градус аязда темір қоршауларды жалаң қолмен жуып жүр. Мұндайды қайдан көрдіңіздер? Техникалар көбейсе қаланың тазалығын да жақсарта аламыз. Қостанай таза, көрікті, өмір сүруге қолайлы қалаға айналуы тиіс", - деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі коммуналды қызмет көрсетушілерге қала тазалауды астаналық әріптестерінен үйренуді тапсырды.

Айта кетейік, әкімнің мысал етіп көрсеткен суреті бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Суреттен аязды күні әйелдердің көше жуып жүргенін анық байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары