$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай – Астана тас жолында 34 көлік қар құрсауында қалып қойған

Дауылдық ескертулерге қарамастан тұрғындар ұзақ жолға шығуын доғарар емес дейді Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары. Мәселен, Қостанай – Астана тас жолының Герценов көтерілімі ауданында 34 автокөлік қар құрсауында қалып қойды.

«Төтенше жағдай орынына авариялық-құтқару жұмысын жүргізу үшін өтімділігі жоғары ТРЭКОЛ және КамАЗ көлігімен Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы шыққан. Қалың қардағы авариялық-құтқару жұмыстары жол қызметімен бірлесіп жүргізілді. Жұмысты жүргізу барысында қалың қардан 34 автокөлік түгел шығарылды, оның ішінде 8 автокөлік жол жиегінен тас жолға сүйретіліп шығарылды, Октябрь ауылына 3 әйел адам эвакуацияланды» делінген Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы таратқан хабарламада.

Құтқарушылар дауыл ескертулеріне елемеушілік етпеуді және көріну мүмкіндігі қиын жағдайлы ауа-райы кезінде сапар шегу санын азайтуды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары