$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да аудандық білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстағы департаменті хабарлады деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері.

Аудандық білім бөлімінің басшысы пара алу кезінде ұсталған. Бұл ақпаратты Сарыағаш ауданының әкімдігі де растап отыр. 47 жастағы басшы аудандағы орта мектептердің бірінің директорынан 470 мың теңге пара алды деп күдіктеліп отыр.

Аудандық білім бөлімінің басшысы бұл ақшаны директорға «қамқорлық» жасап жүру үшін алмақ болған. Айта кету керек, ұсталған азамат бұл лауазымға 2016 жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін облыстық білім басқармасында қызмет атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары