$ 443.35  475.54  4.82

Шығыс Қазақстан облысында мұсылмандар христиандардың зиратына жерленіп жатыр

Согра кентінің тұрғындары мұсылман зираты мен мешіт құрылысына жер бөлуді сұрайды.
Фото: Sputnik/Тимур Батыршин
Фото: Sputnik/Тимур Батыршин

Өскеменнің Согра кентінде он шақты мұсылман христиандар зиратына жерленген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы «Дидар» газеті жазды. 

Согра кентінің тұрғындары мұсылман зираты мен мешіт құрылысына жер бөлуді сұрайды.

Өмірден өткен он шақты мұсылман баласы христиандардың зиратына амалсыз жерленген.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесу кезінде согралықтар кенттің маңында мұсылмандарды жерлейтін зираттың жоқтығын айтып, оған жер беруді өтінді. 

1977 жылдан бері осы жерде тұрамын. Мен Согра, Арматура, Радужная кенттері тұрғындары атынан келіп тұрмын. Бізге мұсылмандар зиратына жер керек. Ахмер, Меновное, Аблекетка аудандарындағы зират жабылды. Горняктағы зират бізден шалғай әрі оның қызметін әркімнің қалтасы көтере бермейді. Ана жолы он мұсылманды амалсыз орыс зиратына жерледік, – деді Жомарт есімді ақсақал. 

Ол кісі өздері қай жерді таңдап қойғандарын да айтып берді. 

Жақсылық Омар ақсақалды алдағы аптада қабылдап, жер мәселесін шешіп беруге уәде етті. 
Тағы бір тұрғын осы шағын ауданда мешіт салуға қол ұшын беруін сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары