$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда төтенше жағдай: қала сусыз қалды

Су құбырының жарылуы салдарынан Павлодар қаласының бір бөлігі сусыз қалды деп жазады Tengrinews.kz. Тұрғындар наразылықтарын әзірге әлеуметтік желілер арқылы білдіруде.

Ал, мамандар болса апатты жағдаймен әлі күресіп жатыр. Қазіргі таңда қаланың бірнеше шағын ауданында не суық су, не ыстық су жоқ. Судың болмауы салдарынан мектептер мен балабақшалар да жұмысын уақытша тоқтатты.

"Алғашында апат болған аймақтағы төрт үй ғана судан ажыратылған болатын. Алайда, апат ауқымының үлкен болуы салдарынан таңғы бестерде бүкіл қалаға су беруді тоқтатуға тура келді. Таңғы сегізге дейін қаладағы бүкіл үй, мекемелер мен кәсіпорындар сусыз отырды. Шамамен он шақты ауланы су алып кеткен. Кейбір көпқабатты үйлердің жертөлелерін де су басып қалды", - дейді қала әкімінің орынбасары Андрей Балашев.

Ал, коммуналды қызмет өкілдерінің хабарлауынша, қазір апатты жағдай қалыпқа келіп, сағат 11-ге дейін бүкіл қалаға су беру жоспарланып отырған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары