ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мәжілісте өткен үкімет сағатында елімізде былтыр қанша қылмыс тіркелгенін, оның қаншауы спирттік ішімдіктің салдарынан болғанын айтып берді.
Министрдің айтуынша, 2016 жылы елімізде барлығы 348 мың қылмыс тіркелген. Оның 26 мыңы ауыр және аса ауыр қылмыстар. 853 рет қасақана кісі өлтіру, 2 160 рет ауыр жарақат салу және өзге де қылмыстық заң бұзушылықтар орын алған.
"Өткен жылы ішімдік ішіп қылмыс жасау дерегі 13 пайызға артып, жалпы саны 20 мыңға жетті. Маңғыстау облысында спирттік ішімдікпен байланысты қылмыстардың саны бірден 75 пайызға ұлғайған. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш бойынша өсім Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 50 пайызды құрап отыры. Елімізде әрбір бесінші қылмыс ішкіліктің салдарынан орын алады. Өлтіру қылмысының тең жартысына, үйдегі зорлық-зомбылықтың 60 пайызына осы алкогольді ішімдіктің байланысы бар. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының есебінде ішкілікке салынған 71 мың адам болса, соның 10 мыңы әйелдер, 300-і кәмелетке толмаған жасөспірімдер", - деді Қ.Қасымов.