$ 494.87  520.65  4.91

«Ерді намыс өлтіреді». Жеңіліп қалғаны үшін төрешімен төбелесіп кеткен бала елді сүйсінтті

Бүгінде видео 5 миллионға жуық қаралым жинаған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жеңіліп қалғаны үшін ашуланған кішкентай бала Қазнетті сүйсінттіЖеңіліп қалғаны үшін ашуланған кішкентай бала Қазнетті сүйсінтті, деп хабарлайды Massaget.kz сайты.

Видео TikTok-та тарады. Көк формадағы кішкентай бала қызыл формадағы қарсыласынан жеңіліп қалғаннан кейін ашуланып, оны құлатпақ болады.

16 келі, кішкентай жолбарыс, - дейді видео авторы.

Бүгінде видео 5 миллионға жуық қаралым жинаған. 265 мыңға жуық лайк басылып, 5700 пікір жазылған.

"Ерді намыс өлтіреді"

"Жігіт емес нағыз еркек өсіп келе жатыр"

"Қазақ деген осы арыстан ғой, жаным, балапан, жарайсың"

"Намысшыл екен бала. Еркек намысты болса еліміз ұлтшыл, діншіл болар еді"

"Мінез бар", - дейді Желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары