Талдықорған қаласының прокуратурасы 700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәрі қобдишаларының берілмегенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетейік, заңға сәйкес ана мен балаға перзентханадан шыққанда "Алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен" бірге қажетті заттары міндетті түрде берілуі керек.
Алайда Талдықорған қаласының медициналық ұйымдарында (босандыру) көрсетілген заңнама талаптары орындалмаған. Прокуратураның тексерісінен кейін 673 жаңа туған нәрестеге тегін дәрі қобдишалары берілді, - делінген прокуратура хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.