$ 494.87  520.65  4.91

«Жаңа Адамдар» Үкіметтен қыз алып қашуға тыйым салуды талап етті

Олар мұндай әрекеттерге барған қылмыскерлер дәстүрдің артына тығылып, жазасыз қалмауы керек деп отыр.
Фото: Жаңа Адамдар
Фото: Жаңа Адамдар

Жаңа адамдар Қазақстан Респубдикасының 125-1 бөлек бабының бекітілуін қолдайды. Осы бап зорлықпен алып қашқан келіндер үшін жауапкершіліктің қатаңдатылуын талап етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда қылмыстық заңнаманың жетілуі қарастырылып жатыр. Қылмыстық кодекстің 125-бабына жәбірленуші өз еркімен босатылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін жеке бап енгізу және ескертуді алып тастау қарастырылады. 125-1-бап «Неке қию мақсатында адамды алып қашу» алдын алу әсерін тигізіп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге тиіс.

Жаңа адамдар қылмыстық кодекске мұндай түзетулерді тезірек қабылдауға шақырады. Әйелдер мен олардың қоғамдағы рөлі туралы ескірген идеяларды қамтитын қыз алып қашу мәселесіне назар аудару қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыздар сұмдықпен күресудің соңғы жолы ретінде суицидті таңдаған жағдайлар бар.

Түзетулерді қабылдау мерзімін кешіктіруге болмайды. Бұл бастамаға назар аудару үшін Жаңа адамдар белсендісі Ғазиза Ұлықманова қалыңдық көйлегін киіп, той үлгісінде безендірілген тормен Астананы аралап шықты. «Алып қашу» торы Министрліктер үйінің алдына тоқтап, қозғалыс белсендісі депутаттарға түзетулердің енгізілуін талап еткен плакаттармен үндеу тастады.

Жаңа адамдар Парламент пен Үкіметке жүгінді. Олар еліміздегі әйелдер өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. 125-1-бапты, адам ұрлау мен мәжбүрлеп неке құруды қылмыстық құқық бұзушылық деп есептей отырып, кешіктірмей қабылдау керек деп есептейді. Сондай-ақ мұндай әрекеттерге барған қылмыскерлер дәстүрдің артына тығылып, жазасыз қалмауы керек деп отыр.

Қыз алып қашу, күштеп күйеуге беру – дәстүр емес, қылмыс. Ұрлаушылардың жауапкершіліктен жалтарып, лас жұмыстарын аяқтауға бірде-бір мүмкіндігі болмауы керек. Әрбір адамның өмірі қымбат және біз осы зұлымдықты тоқтату үшін дереу әрекет етуді талап етеміз. Біз әйелдерді қорлайтын, кейде зорлық-зомбылыққа, тіпті өлімге әкелетін «әдет-ғұрыпқа» қарсымыз, - дейді «Жаңа Адамдар» жастар ұйымының өкілі Ғазиза Ұлықманова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары