$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте "Көк кит" ойнаған 4 оқушы бір сәтте суицид жасаған

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, 16 ақпан күні кешкі сағат алтылар шамасында 14-15 жас аралығындағы 4 жеткіншек суицид әрекетін жасаған.

Бұл туралы "Отырар" телеарнасының тілшілері хабарлап отыр.

Төрт баланың да "Көк кит" қауіпті интернет ойынын ойнағаны белгілі болып отыр. Олар ата-аналарының үйде жоқтығын пайдаланып, барлығы бір үйде жиналған, сөйтіп тамырларын кескен.

Балалардың қазіргі жағдайы белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істің мән-жайын анықтап жатыр. Жеткіншектерді қауіпті ойынды ойнауға не итермелегені де тексерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары