$ 494.87  520.65  4.91

Өскемендік полицейлер қызметтік көлігін мас адамға ұрлатып алған (ВИДЕО)

Өскеменде спирттік ішімдікке тойып алған ер азамат полицейлердің қызметтік көлігін айдап әкетіп, жарты жолда аударылып қалған. Тәртіп сақшылары оны алғашында көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұстаған екен. Полиция бөлімшесіне апармақ болған сәтте ол арам ойын жүзеге асырған деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға кешегі жексенбіде орын алған. 35 жастағы Өскемен тұрғыны енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"Жексенбі күні полицейлер көлікті мас күйде жүргізген азаматты ұстады. Оның спирттік ішімдік ішкенін растау үшін патрульдік автокөлікпен бөлімшеге апаруы тиіс болған. Алайда, күдікті заңсыз жолмен көлікті иемденіп, оны айдап кеткен", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Кейінірек анықталғандай, полицейлер мас жүргізушіні көлікте жалғыз қалдырып, өздері сыртқа шығып кеткен екен. Қараусыз қалғанын сәтті пайдаланған күдікті УАЗ көлігін тізгіндеп, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Алайда, жарты жолға келгенде көлік аударылып қалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары