$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде екпеге қарсы "діндар" ата-аналардың саны артып барады

Ақтөбе облысы Темір ауданында үш жүзден астам отбасы жаңа туған нәрестелеріне "дінде тыйым салынған" деген себеппен екпе салдырудан бас тартып жатыр. Бұл жөнінде орталық аудандық аурухана меңгерушісі Ханым Балғазина айтты деп жазады centralasian.org.

Балғазина ауруханада мамандар екпеден бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр дейді.

— Олар бөгде адамдармен сөйлеспейді. Сол үшін арнайы бір дәрігер әйел және бір дәрігер ер адамды түсіндіру жұмыстарына бөлдік. Олармен дінтанушылар, әкімдік және прокуратура қызметкерлері сөйлесті. Бірақ бүгінгі күні екпеге тек үш адам келді, — дейді Ханым Балғазина.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев облыс бойынша ата-аналары екпе салдыруға қарсы болған екі жарым мыңнан астам бала бар дейді. Оның сөздерінше, мұндай отбасылар көбінесе Алғын, Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарында және облыс орталықтарында көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары