$ 444.32  473.33  4.76

Қостанайда танымал дәрігер әйелді біреулер азаптап өлтірген

Бүгін таңертеңгі сағат 11 шамасында Қостанай облысына аты танымал дәрігер Рашида Сандыбаеваның кісі қолынан қаза тапқандығы белгілі болды. Көптеген пышақ жарақатын алған марқұмның денесі өз үйінен табылған деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Облыстық жүйке жүйелері диспансерін ұзақ жылдар бойы басқарған Сандыбаева зейнетке шыққаннан кейін сот-психиатриалық сараптамада жұмыс істеген. Білікті дәрігердің өлімі оның қызметімен байланысты болуы мүмкін дейді тергеушілер.

Полицейлер тергеу ісінің құпия өтуіне байланысты бұдан өзге ақпарат беруден бас тартып отыр. Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар Рашида Сандыбаеваның аса білікті дәрігер болғанын айтты. "Өз өмірінің 36 жылын Рашида Қожахметқызы психиатрия саласына арнады. 2005 жылдан бері аурухананың бас дәрігері болды, ұзақ жылдар бойы Денсаулық сақтау басқармасында штаттан тыс бас психиатр қызметін атқарды", - дейді басқарма өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары