$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да 16 жастағы жеткіншек достарын Сирияға баруға үгіттеген

Оңтүстікқазақстандық жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы экстремизмді насихаттап, достарын жиһадқа аттануға үгіттеген деп жазады Otyrar.kz. Теріс діни ағымға отбасымен тұтастай кіріп кеткен олар Сирияға кетудің амалын қарастырып жүргенде қолға түсіпті. Бұл туралы 2016 жылды қорытындылаған Шымкенттегі жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында айтылды.

«Қазығұрт ауданының 16 жастағы тұрғыны терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттағаны, террористік топқа мүше болғаны үшін айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын ол жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр. Ол өзінің достары мен таныстарын қарулы жиһадқа қатысуға үгіттеген», - дейді аталған соттың төрағасы Серікбай Төлепбергенов.

Заңмен тыйым салынған материалдарды жасөспірім өзінің ұялы телефонындағы «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы таратқан.

«Бұл іс бойынша түгел бір отбасы тергеуден өтті. Баланың ікесі де сотталдыү Олар үйінде Сирияға кетудің жолдарын үнемі талқылап отырған. 2016 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін құқық қорғаушылар оларды бақылауында ұстады. Бұған дейін бұл отбасының туыстары да Сирияға соғысуға аттанған екен», - дейді С.Төлепбергенов.

Сот отырысында 16 жастағы жасөспірім өзіне тағылған айыптардың бірде-бірін мойындамапты. Дегенмен, тергеу барысында оның кінәлі екенін дәлелдейдін айғақты заттарды жеткілікті мөлшерде жиналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары