$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-ның бірнеше ауылын су басты

Әсіресе, Мақтарал ауданында жағдай ушығып тұр деп хабарлайды КТК телеарнасы. Толассыз жауып жатқан қар мен жаңбырдың кесірінен мұнда бірнеше ауылды қызыл су басқан. Құтқарушылар бірнеше күннен бері сол су астында қалған елді-мекендерді құрғатып үлгерер емес.

Мұнда оннан астам ауылды су басып, тұрғындар үйден шығудан қалыпты. Күндіз-түні жұмыс жасаған төтенше жағдай қызметкерлері қазір Жетісай мен Атакент ауылдарындағы су басқан үйлерді құрғата алмай әуре. Жеті жүзден астам дренаждық жүйенің екі жүздейі ғана жұмыс жасап тұрғанын айтқан мамандар мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынын жеткізді. Дегенмен, бұл жолы қираған ғимараттар мен адам шығыны жоқ деп есеп беріп жатыр.

Ауылдарды судан тазартуға 82 құтқарушы жұмылдырылған. Олар барлығы 12,5 мың текше метр суды шығарыпты. Жергілікті тұрғындар болса жыл сайын дәл осы проблема қайталанатынын айтып отыр. Билік өкілдері алдын алуға ешқандай шара жасамайды дейді олар.

Синоптиктердің болжамынша, 24 ақпаннан кейін өңірде тағы жауын жауады. Қарлы аудандарда жаңбырдың арты қарға ұласпақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары