$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда 1 жылда 10 мың адам туберкулез жұқтырған

Елімізде бір ғана жылдың ішінде 10 мыңға жуық адам туберкулез ауруын жұқтырған. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз жиынында фтизио-пульмонологтар хабарлады. Айтуларынша, ересектер арасында таралған өкпе ауруы соңғы жылдары балаларға да ауыз сала бастаған деп жазады 31.kz.

Иммунитетi нашарлаған және жиi ауыратын балалардың ағзасында туберкулез микробактериясының өсiп-өнуiне мүмкiншiлiк мол дейді дәрігерлер. Тек былтырғы жылы өкпе ауруын 770 бала жұқтырып тіркеуге алынған. Десе де, туберкулездi жұқтырған жасөспірімдердің барлығы бiрдей ауруға шалдықпайды екен. Ағзаның күрес қабілетін арттыру үшін арнайы дәрі-дәрмек ішіп, зиянды микобактерияны өкпе қабынбай тұрып құртуға болады екен.

Былтырғы жылы 4290 баланың бес жүздейі ғана БЦЖ вакцинасын қабылдаған екен. Себебі егу шараларына үрке қарайтын ата-аналардан рұқсатын алу қиын дейді мамандар. Осы уақытқа дейін еліміздегі 12 бала ағзасында туберкулезге қарсы иммунитет қалыптаспағандықтан аурудың ауыр түріне шалдығып көз жұмған екен. Бұған ата-аналардың діни көзқарастары да себеп болған көрінеді.

Қаіргі кезде 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауыратын 52 адам тіркеліп отыр. Десе де фтизиопульмонологтар мәжбүрлі түрде балаларды егу жұмыстарына әлі де қарсы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары