$ 448.89  477.93  4.76

Қостанайдағы танымал дәрігердің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Қостанай облысына танымал болған психиатр-дәрігер Рашида Сандбаеваның өлімі оның қызметімен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін. Бұл туралы "Наша Газета" порталының тілшілері мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, өмірінің соңғы жылдарында Сандыбаева сот-психиатриялық амбулаторияны басқарған болатын. 20 ақпан күні 59 жастағы әйелді белгісіз біреулер өз үйінде өлтіріп кетті.

Портал тілшілерінің мәліметінше, қандықол қылмыскер марқұмды 30 рет пышақтаған. Әйелді өлтіргеннен кейін оның алтындарына тиіспепті. Тіпті, үйінен де бірде-бір бағалы зат жоғалмаған. Соған қарағанда қылмыскердің нені көздегені белгілі сияқты.

Сандыбаеваның әріптестері де оның өлімі қызметімен байланысты болуы мүмкін екенін болжап отыр. Өйткені, дәрігер әйел қылмыскерлердің "тағдырын шешетін" қорытындылар шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары