$ 494.87  520.65  4.91

Мұхамеджан Тазабек тоқал болғысы келетін қыздарға ақыл айтты (ВИДЕО)

Бірақ бәйбіше оны бөліскісі келе ме, мәселе сонда ғой.
Фото: kznews.kz
Фото: kznews.kz

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек тоқал болғысы келетін қыздарға өзінің ақыл-кеңесін берді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақынның оқырмандарының бірі отбасылы еркекке тұрмысқа шыққысы келетінін айтып, ақыл сұраған.

Рас, жолы болған жақсы еркектер бар. Соларға тоқал болып күйеуге шыққысы келетін жағдайлар шығар, солай деп түсіндім сұрағыңызды. Әрине, ол бір отбасын бақытты еткен, жағдайы шешілген адам. Бірақ бәйбіше оны бөліскісі келе ме, мәселе сонда ғой. Бәйбіше де одан айырылғысы келмейді. Ол да күйеуін ешкіммен бөліскісі келмейді. «Бір жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» деген сияқты, керемет жігіт қой деп шығып, бір айдан кейін, екі айдан кейін «болмайды екен» деп ажырасып жатқан қыздар бар, - дейді Мұхамеджан Тазабек.

Ақынның айтуынша, біреудің бақытына ортақтасқаннан гөрі бойдақ жігітке тұрмысқа шыққан дұрыс.

Отбасылы ер адамдардың жағдайын жасап, жарқырап жүруіне жұбайларының үлесі зор ғой. Бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, бірге дамып, өсудің орнына, дайын нәрсені алу оңай көрінуі мүмкін. «Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын» демекші, бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, күліп-ойнап, ұрыспай-керіспей тату ғұмыр кешкенге не жетсін, - деп жазды айтыскер ақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары