$ 442.05  474.14  4.74

Төрт баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қуаныштан жылады

Қазақтың ер азаматтары да осылай баламен айналысса ғой...
Фото: instagram.com/janym_baklajanym
Фото: instagram.com/janym_baklajanym

Америкада тұратын  Айдын күйеуінің мейірімділігін көріп жылап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақ қызы бұл жайлы өз инстаграм парақшасында бөліскен. 

Айдын үнемі оқырман қыз-келіншектеріне қолдау көрсетуге дайын. Әлеуметтік желіде белсенді ару балалардың еміне көмектесіп, қарттар үйіне барып қариялардың көңіл-күйін көтеріп тұрады. Инстаграмға жүктеген бұл видеосы оқырман қыздарының жүрегін елжіретті.

Жәй ғана осы тікелей эфир сақталып тұрсын.  Балаларым өскенде көрсетемін. Бізге қайырлы түн. Сізге мағыналы күн,- деп жазба жариялады Айдын. 

Бұл видеосын сторисіне: "Міне, мен не үшін күйеуімнің фанатымын" деген сөздермен жүктеп қойды. 

"Сенде мүмкіндік болды. Сен ең жақсы әкені таңдадың", "Туған әкеден жылу көрмей жүргендер бар",  "Қазақтың ер азаматтары да осылай баламен айналысса ғой біраз өзгеріс болатын еді",  "Сүйсіне қарайтын көрініс",- дейді желі оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары