Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Esquire Kazakhstan подкастына берген сұхбатында жеке өмірін сөз етіп, болашақта тұрмыс құрып жатса, күйеуінің суретін әлеуметтік желіге жариялайтынын айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кейде мен өзіме риза боламын. Адамдар ғашық болып, ақымақтықпен суретін жариялайды, кейін айырылысып жатады. Ал ғаламтор оның бәрін сақтап, еске түсіріп отырады. Сол себепті жеке өмірімді құпияда ұстағаным дұрыс болған деп ойлаймын. Мен ерте тұрмысқа шықтым, ол кезде әлеуметтік желі болған жоқ. Бірақ менің бұрынғы күйеуіммен бірге түскен суретім әлеуметтік желіде бар. Мен жасырмаймын. Болашақта тұрмысқа шыққанда, күйеуім жүзігін салғанда және оның менің азаматым екеніне сенімді болғанда міндетті түрде күйеуімнің суретін жариялаймын. Оған сенімді болмайынша мен ештеңе айтып, көрсете алмаймын. Иә, қарым-қатынаста болдым. Кім қарым-қатынас құрмай жатыр? – дейді ол.
Сондай-ақ Динара Сәтжан болашақта отбасын құратынына сенімді екенін жеткізді.
Мен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болмаған адам ретінде махаббат керек деп айтар едім. Себебі, жалғыз болу – қиын. Маған ер азаматтың қолдауы керек деп айтпаймын. Өйткені мен материалдық тұрғыдан тәуелсіз әйелмін. Жай ғана жанымда менен де мықты, ақылды, дана ер азамат болғанын қалаймын. Қанша мықты болсаң да, әйел болып бір сәтте әлсіздік танытқың келеді. Жалғыздық ешкімге жараспайды. Болашақта - ерте ме, кеш пе, маған лайықты ер азамат жолығатынына, отбасын құратыныма сенімдімін. Алла қаласа, дүниеге сәби әкелемін. Бірақ жалғыз қалмаудың амалын жасап, уақытымды алатын ер азаматпен кездеспеймін. 20, 40, 50, мейлі 60 жас болсын, махаббат қашанда керек, – дейді тележүргізуші.