$ 443.35  475.54  4.82

Ақтауда Жергілікті полиция басшысы қызметкерлерін 40 сағаттың орнына 66 сағат жұмыс істеткен

Бұл іспен қазір Ақтау қаласының прокуратурасы айналысып жатыр. Құзырлы органға Ж. есімді әйел арызданып, Жергілікті полиция қызметінің басшысының заңсыз әрекеттерін әшкерелеген.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, Ақтау қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы жол-патрульдік полиция батальонының 4 ротасындағы қызметкерлердің жұмыс уақытын сағат 12-ден 23-ке дейін деп бекіткен. Яғни, аптасына олар 66 сағатқа дейін жұмыс істеп келген (дүйсенбі - демалыс күні). Алайда, еңбек заңнамасына сәйкес, апталық жұмыс уақыты 40 сағаттан аспауы керек", - дейді Ақтау қалалық прокуратурасының өкілдері.

Осылайша, Жергілікті полиция қызметінің басшысы 4 ротадағы 64 қызметкердің конституциялық құқығын бұзған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары