Оқиға 25 ақпан күні орын алыпты Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 17 және 16 жастағы екі қыз тәрбиешілерін ескертпей кетіп қалып, сол күйі қайта оралмаған.
Мекеме басшылары дереу полицияға хабар беріпті. Шұғыл іздеу жұмыстарына кіріскен тәртіп сақшылары жасөспірімдерді тастанды ғимараттардың бірінен тапқан. Өздерінің айтуынша, жай достарымен қыдырғысы келіпті. Қазір олардың екеуі де балалар үйіне жеткізілді, денсаулықтарына қауіп төніп тұрған жоқ.
ОҚО ІІД мәліметінше, жыл басынан бері оңтүстікқазақстандық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасөспірімді тауып, туғандарына қайтарған. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер әдетте ата-аналарымен ұрысып қалғанда үйден қашып кетеді екен.