ҚР Білім және ғылым министрлігі арандап қалдық деп, құзырлы органдарға шағымданбақшы. Айтуларынша, әлеуметтік желілерде ведомствоға және оның басшысына жала жабылған.
Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика" және "Шығыстану" мамандықтарының Классификатордан шығарылғаны бойынша мәліметтер шындыққа жанаспайды. Сондықтан, олар құзырлы органдарға шағымданғалы отыр.
"ҚР БҒМ бекітілген тәртіпте сәйкес органдарға осы тектес арандатудың алдын алу бойынша шара қабылдау үшін хабар береді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін қоғам белсенділері ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қазақ тіліне қасақана қастандық жасады деп, орнынан кетуін талап еткен болатын. Бұл бастаманы қолдаушылардың саны күн санап артуда.