$ 495.2  522.34  4.94

Мектеп мұғалімдеріне неге бәрі қожа? Белгілі ұстаз жауап берді

№90 гимназияда сайлау учаскесі болған жоқ.

Белгілі ұстаз, ұлт жанашыры Аятжан Ахметжан еліміздегі жалпы білім беру жүйесі жайлы және мектеп мұғалімдері туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, директор мықты болса, мұғалімге ешкім өз билігін жүргізе алмайды. Бұл туралы ол «Qasqa Jol» ютуб-каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Мемлекетте жемқорлық тоқтамаса, мектепте ақша жинау тоқтамайды» – Аятжан Ахметжан (ВИДЕО)

Мейлі мемлекет супер құжат жасап берсін, мейлі министрлік супер бағдарлама жасап берсін егер мектеп директоры нашар болса, ешқандай бағдарлама іске аспайды. Оны іске асыратын бірден-бір тұлға менеджер ретінде мектеп директоры. Мектеп директоры мықты болса, мұғалімге ешкім қожа бола алмайды. Директор  сауатты, адал, өзі таза болып мұғалімдерге де таза көзқараспен қараса, оларға кәсіби міндетін қойып бере алса оларға ешкім қожа бола алмайды. 

Ал, өзі директорлық еткен №90 гимназия мұғалімдеріне қорған бола алдыңыз ба деген сауалға төмендегідей жауап берді.

№90 гимназияда сайлау учаскесі болған жоқ. Мемлекттік мекеме болса да Астанадағы жалғыз сайлау учаскесі болмаған мектеп. Осыдан-ақ түсіне беруге болады, - деп қысқа қайырды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары