26.10.2023, 05:30

Димаштың әкесі қазақ тілінің мәртебесін қалай көтеруге болатынын айтты

Фото: Stan.kz

Сонымен қатар ол мемлекеттік тілдің мемлекеттік рәміздер қатарына енгізіліп, заңмен қорғалуы керектігін айтты.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев қазақ тілінің мәртебесін қалай көтеруге болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қанат Айтбаев мектептер мен жоғары оқу орындарындағы "Қазақ тілі" пәнін "Мемлекеттік тіл сабағы" деп атаған жөн деп санайды. Оның айтуынша, бұл өзгеріс қазақ тілінің маңыздылығын барлық ұлттарға ерте жастан бастап сіңіруге көмектеседі.

Сонымен қатар ол мемлекеттік тілдің мемлекеттік рәміздер қатарына енгізіліп, заңмен қорғалуы керектігін айтты, деп жазады Stan.kz.

Мемлекет және мемлекеттік тіл бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мемлекеттік тіл жоқ жерде мемлекет те болмайды!, – деді Қанат Айтбаев. 

Айтбаевтың пікірінше, қоғамдық санада мемлекеттік тіл сабағына қатыспау және бұл пәннен төмен баға алу – мемлекетті құрметтемеу болып қабылдануы керек.