$ 494.87  520.65  4.91

Депутат Тұрлыхановтың інісі әйелін соққыға жыққан

Оқиға қазан айында болған.

Фото: ©Ярослав Радловский
Фото: ©Ярослав Радловский

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тараптардың татуласуына байланысты ұрып-соғу туралы істі қарау тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың Рахат есімді інісі әйелін ұрғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға қазан айында болған, іске полиция араласып, іс сотқа жеткенімен, кінәлі жазаланбады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылғаны хабарланды, деп жазды Ulysmedia.kz.

Сот ағымдағы жылдың қазан айында Тұрлыханов үйінде болған кезде жанжал шығарғанын анықтады, ол әйелін ұрып-соғып, физикалық ауыртпалық тудырды. Сот отырысында ол кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді. Жұбайы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады, соттан татуласуға байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады, - делінген сот хабарламасында.

Сот оған қатысты іс жүргізуді тоқтату және әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары