$ 494.87  520.65  4.91

Сырдарияның сол жағалауында тарихи кейіптегі ғимараттар салынбақ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті құрылысшыларды төл мерекелерімен құттықтау сөзінде Сыр өңірінің ежелгі сақтардың, оғыздардың, қыпшақтардың астанасы болғандығы сол жағалауда салынатын ғимараттарда көрініс беретінін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

— Аймағымызда құрылыс қарқынды жүруде. Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың бой көтеретін күні де алыс емес. Сыр өңірінің ежелгі сақтардың, оғыздардың, қыпшақтардың астанасы болғандығы сол жағалауда салынатын ғимараттарда көрініс беретін болады. Әлбетте, осыншама ауқымды істер, құрметті құрылысшылар, Сіздердің кәсіби біліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің  арқасында ғана жүзеге асады, — деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, биыл өңірде барлығы 88 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 65-і осы жылы пайдаланылуға беріледі. Білім беру саласында 40 нысан салынуда. Жыл ішінде 32-сі іске қосылады. Олардың 12-і республикалық, 20-сы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 21, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 7 нысанның құрылысы салынуда. Бүған қоса, спорт және туризм, халыққа қызмет көрсету орталығы және мұрағат ғимараттары бой көтеруде.  Жыл басынан «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы аясында 5210 шаршы метрді құрайтын 86 пәтер пайдаланылуға берілді. Жалпы биыл 837 отбасы баспана тойын тойлайтын болады.

Салтанатты шарада құрылысшылар облыстың «Құрмет грамотасы», облыс әкімінің «Алғыс» хаты, ҚР Өңірлік даму министрлігінің «Алғыс» хаты,  ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет белгісі, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс» хаттарымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары