$ 494.87  520.65  4.91

Шымкетте соғыс ардагерлері көмілген бейіт көлік тұрағына айналған

Шымкентте қала орталығындағы соғыс ардагерлері көмілген бейітті белгісіз бизнесмендер сатып алып, көлік тұрағы етсе, тағы 12 соттығы жанармай құятын станцияға арналған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал, бұл жерлердің астында ондаған мүрде жатқан көрінеді. Осы мәселені кездейсоқ біліп қалған шымкенттік депутат Нұрғазы Бұхарбаев енді байбалам салып, әруақтарды жайына қалдыруды сұрап жүр.

Қанша жылдан бері қалалық мәслихатта депутат болып, талай сұмдықты естіп-біліп жүрген Нұрғазы Бұхарбаев бұл жолғы жәйт бәрінен асып түсті дейді. Шымқаланың қақ орталығындағы жүздеген мүрде бар зираттағы 20 сотықтан астам жер жекеменшікке сатылып кеткен. Негізінен соғыс ардагерлері жатқан бейітте қазір көмілетін жер де жоқ. Яғни, 20 жылдан астам уақыт бұрын жабылған екен. Соған қарамастан, 2006 жылы бұл жерге екі мемлекеттік акт беріліп, жер жекенің қолына өтіпті. 

Мұнда қазірдің өзінде айналасын қоршап, жұмыс істеп жатқан кәсіптік нысандар бар. Ең қызығы, мүрденің үстіне кім бизнес жасауға рұқсат бергенінде болып отыр. Заң бойынша, бейіттерде көмілетін орын таусылғанда ол жабылып, тек 50 жылдан кейін онда саябақ қана салуға болады екен.

— Біріншіден, мүрделерді ашу үшін ол арнайы органдардың рұқсаты керек. Екіншіден, оны қазғаннан соң, мүрделер бұзылады. Ол мүрделерді басқа жерге көшіру керек. Оны басқа жерге көму керек. Үшінші мәселе, ол енді мынау инфекциялық жұқпалы аурулар соның көзі болып табылуы мүмкін, — дейдіОңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық нысандарды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Алдарқұл Ахметов.

Қазір облыстық прокуратураға депутаттық сауал жіберілді. Осы арқылы нақты қанша мүрдеге зиян келгені белгілі болуы керек. Және өлілер мекенінен ақша жасағысы келген шенеуніктер де тексерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары