$ 498.34  519.72  4.85

Астанада жолақы 50 пайызға көтерілді

Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 50 пайызға қымбаттады. Бұдан былай астаналықтар жолақыға бұрынғыдай 60 теңге емес, 90 теңге төлейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі ресми сайтының жазуынша, бүгін өткен қалалық мәслихаттың V шақырылымының кезектен тыс сессиясында депутаттар тасымалдаушылардың тарифті көтеру ұсынысын мақұлдады.

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Рәшид Аманжоловтың айтуынша, бүгінде қала көшелерінде 50 бағыт бойынша 8 тасымалдаушы компания қызмет көрсетіп отыр. Олардың есебінде 890 автобус бар, оның күн сайын 734 данасы қатынауға шығады. Сонымен бірге, күн сайын қалада 750 мың жолаушы иасымалдануда.

— Астана қаласында қоғамдық көлікте бір рет қатынау ақысы 2008 жылдың қыркүйек айынан бері өзгеріссіз келеді. Және кеткен шығындардың орнын толтыруға және саланы дамытуға жетпей келеді. Мұның алдында да тасымалдаушылардың төлесақыны қымбаттату жөніндегі ұсынысы ішкі резервтерді іздестіру қажеттілігімен кейінге шегеріліп келген еді, — деді ол.

Айта кетсек, 2008 жылдан бері дизельдік отын 75-тен 115 теңгеге (53,3%), тасымалдаушылардың қосалқы бөлшектер үшін жұмсайтын шығыны 80 пайызға, ал, Астана қаласы тұрғындарының орташа айлық жалақысы 89,6 мың теңгеге көтеріліп (77,3%), 159,9 мың теңгені құрады.

Ал, осы жылдың сәуір айында аталған басқармаға тасымалдаушылар тарапынан жолақыны сиымдылығы үлкен автобустар үшін - 106, шағын автобустар үшін 114 теңге етіп бекіту жөнінде ұсыныс түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары