$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліс депутаты жамбылдық зейнетақы салымшылары санына сенбейді

Мәжіліс депутаттары Қожахан Жабағиев пен Надежда Нестерова Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында болып, «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты баспасөз қызметі таратқан дерекке сәйкес, қазіргі уақытта облыста он үш қызмет көрсету орталығы жұмыс істесе, ондағы салымшылар саны  450 мыңнан асады. Ал, зейнетақы жарналары 143 миллион теңгенің үстінде. Депутат Қ.Жабағиев салымшылар санына күмән келтірді. Оның пікірінше, халқы 1 милионнан енді ғана асқан Жамбыл облысында жарты миллионға жуық салымшының болуы көңілге қонымсыз. Сондай-ақ, халық қалаулылары зейнетақы қорларының бір орталыққа біріктірілу барысын да айрықша назарға алып, көкейтесті сұрақтарды сөз етті. Одан кейін мәжілісмендер филиалдың қызмет көрсету орталықтары мен мұрағаттарын аралап, салымшыларды ақпараттандыру жұмыстарының әлі де сын көтермейтінін алға тарта отырып, тиісті шараларды қолға алу керектігін айтты.

Одан әрі депутаттар  Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығында болып, елдегі ынтымақ пен бірлік-берекені күшейтуге бағытталған маңызды құжаттардың жүзеге асырылу жайын талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары