$ 498.34  519.72  4.85

Сазгер Темірәлі Бақтыгереев өмірден озды

Бүгін таңертең 64 жасынан асқан шағында сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүние салды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ширек ғасырдан астам шығармашылық қызметінде ол 300-ден астам әннің авторы атанды. Сазгердің 2013 жылы 18 ақпанда Алматыдағы Студенттер сарайында «Барып қайт, балам, ауылға!» деген атпен шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған мерейтойлық ән кеші өткен еді.

Темірәлі Бақтыгереев 1950 жылы 23 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы Березин ауылында дүниеге келген болатын. Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық училище мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген ол кейін Саратов консерваториясында оқыған.

Темірәлі Бақтыгереев А.Қадырбаеваның «Барып қайт балам, ауылға туған, барып қайт», Ж.Қашқыновтың «Ғашықтар сенімі», Ф. Оңғарсынованың «Сағыныш» сияқты өлеңдеріне жазған әндерімен жұртшылық арасында кеңінен танымал болған сазгер 2004 жылы жол көлік апатынан кейін мүгедек боп қалған еді. Марқұммен қоштасу сенбі күні Алматыда өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары