$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-дағы бір ауылда әкімнің қызмет орнында оқушылар отыратын болды

Мичурин ауылдық әкімдігінде жергілікті мектептің оқушыларына сабақ өту үшін ауыл әкімдігіндегі әкімінің, бас маманның және жалпы бөлім бөлмелері берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Мой город» ақпараттық порталының жазуынша, Мичурин ауылының 550 оқушысы бар орта мектебіндегі жоспарланған жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.

Ал, жөндеу жұмыстарына 113 млн. теңге қарастырылғанымен, бұл қаражат бюджеттен әлі бөлінбей жатыр.

– 1-қыркүйек пен оқудың алғашқы аптасын балалар мектеп қабырғасында өткізеді де артынан жөндеу жұмыстары басталғанда Асан, Жамбыл ауылдары мектептеріне, сондай-ақ, Мичурин ауылдық мәдениет үйіне және ауыл әкімдігіне ауысады. Әкімдік ғимаратында он сынып оқитын болады. олар онда екі ауысымға он бөлме беріп отыр. Бұлар 4, 5, 9, 10-шы сыныптар.барлық оқушыларды сабағына тегін апарып-әкеліп отырады, – дейді мектеп директоры Алмагүл Кенжебаева.

Ал, Мичурин ауылдық әкімдігінің бас маманы Айгүл Әзбергееваның айтуынша, балалар әкімдіктен кеткенше әкімдіктегілер жақын орналасқан медицина ғимаратының екі бөлмесіне орналаспақшы. Әзірге әкімдік ішінде қанша оқушының оқитыны анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары