$ 494.87  520.65  4.91

Астанада тұрмысы төмен отбасылар үшін көмек жинайтын контейнерлер орнатылды

Елордада оқу жылы қарсаңында сауда орталықтарының аумағында киім-кешектер мен керек-жарақтарды қабылдауға арналған контейнерлер орнатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі ресми сайтының жазуынша, жыл сайын тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу мақсатында елімізде «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Шара басталғалы (1 тамыз) 1150 балаға көмек көрсетілді.

«Акция аясында «Шапағат» коммуналдық базары, «Жаннұр» сауда үйі, сондай-ақ, қалалық орталық базар аумағында киім-кешектер мен керек-жарақтарды қабылдауға арналған контейнерлер орнатылды. Осылайша, қала тұрғындары тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын береді», делінген хабарламада. 

— Сауда үйлерінде осындай контейнерлердің тұрғанын көрдім. Дүкен қызметкерлері олардың неге қойылғанын түсіндірді. Мен де тыс қалмай, керек-жарақтарды сатып алып, контейнерге салдым. Тұрмысы төмен отбасыларда және балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалар қуанады деп ойлаймын, — дейді Астана қаласының тұрғыны Динара Қасенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары